Израиль мен Ливан алдағы аптада Уошиңгтонда тікелей келіссөздердің үшінші кезеңін өткізеді.
Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады. Екі елдің Құрама Штаттардағы елшілері 14-15 мамырда жүздеспек. Болжам бойынша, кездесу барысында Ливан мен Израиль арасындағы оқ атпау режимін ұзарту және түпкілікті бейбіт бітімге қол жеткізу жоспарланып отыр. Осыған дейінгі келіссөздер сәуірдің 14-і мен 23-інде өткен болатын. Израиль мен Ливан арасында диломатиялық қарым-қатынас үзілген. Қазіргі келіссөздерді «Хезболла» емес, Ливан үкіметі жүргізіп жатыр.
Тегтер #Израиль #Ливан #КеліссөзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz