Израиль - Ливан келіссөзінің үшінші кезеңі өтеді

Израиль мен Ливан алдағы аптада Уошиңгтонда тікелей келіссөздердің үшінші кезеңін өткізеді. 

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады. Екі елдің Құрама Штаттардағы елшілері 14-15 мамырда жүздеспек. Болжам бойынша, кездесу барысында Ливан мен Израиль арасындағы оқ атпау режимін ұзарту және түпкілікті бейбіт бітімге қол жеткізу жоспарланып отыр. Осыған дейінгі келіссөздер сәуірдің 14-і мен 23-інде өткен болатын. Израиль мен Ливан арасында  диломатиялық қарым-қатынас үзілген. Қазіргі келіссөздерді «Хезболла» емес, Ливан үкіметі жүргізіп жатыр.