Чилиде ағаш тақтайдың ішіне жасырылған 100 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Оны иісшіл иттер анықтаған.
Рейтердің хабарлауынша, зиянды зат негізінен кокаин мен кетаминнен құралған. Есірткі бір мезетте Арика, Вальпараисо және Сан-Антонио сияқты бірнеше теңіз айлағынан табылды. Операцияны елдегі прокуратура, кеден қызметі мен әскери-теңіз күштері бірлесіп жүргізген. Билік бұл ел тарихында тәркіленген ең көп есірткі дейді. Чили енді халықаралық есірткі саудасымен күресетін арнаулы бөлімшелер құруды жоспарлап отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Чили #есірткіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz