Чилиде рекордты көлемде есірткі тәркіленді

Чилиде ағаш тақтайдың ішіне жасырылған 100 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Оны иісшіл иттер анықтаған.

Рейтердің хабарлауынша, зиянды зат негізінен кокаин мен кетаминнен құралған. Есірткі бір мезетте Арика, Вальпараисо және Сан-Антонио сияқты бірнеше теңіз айлағынан табылды. Операцияны елдегі прокуратура, кеден қызметі мен әскери-теңіз күштері бірлесіп жүргізген. Билік бұл ел тарихында тәркіленген ең көп есірткі дейді. Чили енді халықаралық есірткі саудасымен күресетін арнаулы бөлімшелер құруды жоспарлап отыр.