Газа секторы бойынша келіссөздерде ілгерілеу бар. Бұл туралы ХАМАС өкілдері мәлімдеді.
Asharq Al-Awsat басылымының хабарлауынша, тараптар қару-жарақ мәселесі бойынша ымыраға келген. Мысыр, Қатар және Түркия елдерінің арағайындығымен өткен уағдаластық бойынша қару-жарақ айналымын шектеу және оны арнайы палестиналық құрылымның бақылауында ұстау көзделіп отыр. Бұл шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қазір құжат Израиль және АҚШ тарапымен талқыланып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Газа секторы #ХАМАСPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz