RU
Толық нұсқаға өту

Атыраулық құтқарушы 165 тонналық вагонды сүйреді

11.06.2026, 08:47 54

Атырау облысында төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушысы 165 тонналық вагонды сүйреп, ел рекордын жаңартты.

Құрманғазы ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің командирі Ерсейт Бралин салмағы 165,2 тонна теміржол вагонын 9 метрге дейін тартып апарған. Алып та абыройсыз емес. Оған КИнЭС-2026 Қазақстан рекордтар кітабының батыры атағы берілді. Сондай-ақ арнайы сертификат табысталды. Ат мінгізіп, шапан жабылды. Айта кеткен жөн, бұған дейін ол  салмағы 94 тонналық вагонды орнынан қозғаған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz