Атыраулық құтқарушы 165 тонналық вагонды сүйреді
Атырау облысында төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушысы 165 тонналық вагонды сүйреп, ел рекордын жаңартты.
Құрманғазы ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің командирі Ерсейт Бралин салмағы 165,2 тонна теміржол вагонын 9 метрге дейін тартып апарған. Алып та абыройсыз емес. Оған КИнЭС-2026 Қазақстан рекордтар кітабының батыры атағы берілді. Сондай-ақ арнайы сертификат табысталды. Ат мінгізіп, шапан жабылды. Айта кеткен жөн, бұған дейін ол салмағы 94 тонналық вагонды орнынан қозғаған болатын.