Жапонияның солтүстік-шығысында да магнитудасы 7,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді.
Табиғи апаттан Аомори префектурасында 4 адам зардап шекті. Жарақат алғандардың арасында қарттар мен балалар бар. Табиғат апатына байланысты Хасиками қаласындағы 5 мектеп пен Хатинохе шаһарындағы 65 білім мекемесі уақытша жабылды. Сондай-ақ Токио мен Син-Аомори арасына қатынайтын пойыз қозғалысы тоқтатылды. Зілзаладан кейін цунами қаупі туындамаған.
Тегтер #Жапония #жер сілкінісі #балалар #жарақат алғандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz