Жапонияда жер сілкінісі тіркелді 

Жапонияның солтүстік-шығысында да магнитудасы 7,2 баллдық жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апаттан Аомори префектурасында 4 адам зардап шекті. Жарақат алғандардың арасында қарттар мен балалар бар. Табиғат апатына байланысты Хасиками қаласындағы 5 мектеп пен Хатинохе шаһарындағы 65 білім мекемесі уақытша жабылды. Сондай-ақ Токио мен Син-Аомори арасына қатынайтын пойыз қозғалысы тоқтатылды. Зілзаладан кейін цунами қаупі туындамаған.