Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен көз жұмғандар саны 360-қа жетті.
Мұндай мәліметті елдің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институты жариялады. Қазіргі уақытта елде 1274 адамнан вирус анықталған. Ауру ең көп таралған аймақ – Итури провинциясы. Билік індет ошағында санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды күшейтті. Соған қарамастан мамандар аурудың одан әрі таралу қаупі сақталып отырғанын ескертеді.
Тегтер #Эбола #көз жұмғандар #КонгоPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz