Эболадан көз жұмғандар саны 360 адамға жетті
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен көз жұмғандар саны 360-қа жетті.
Мұндай мәліметті елдің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау институты жариялады. Қазіргі уақытта елде 1274 адамнан вирус анықталған. Ауру ең көп таралған аймақ – Итури провинциясы. Билік індет ошағында санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды күшейтті. Соған қарамастан мамандар аурудың одан әрі таралу қаупі сақталып отырғанын ескертеді.