RU
Толық нұсқаға өту

Иран халқы қара жамылды

05.07.2026, 17:20 59

Тегеранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі басталды. Иранның бұрынғы Жоғарғы көсемінің рухына тағзым ету үшін ондаған мың адам жиналды.

Қаралы рәсімге тағы 100-ге жуық шетелдік делегацияның өкілі келеді деп жоспарланған. Ресми қоштасу рәсімі дүйсенбіге дейін жалғасады. Кейін Құм қаласы мен Иракта қаралы шеру өтеді. Ал марқұмды жерлеу рәсімі 9 шілдеде туған қаласы Мешхедте өтеді. Айта кетейік, аятолла Әли Хаменеимен ресми қоштасу араға 4 ай салған соң өткелі отыр. Ол  28 ақпанда АҚШ пен Израильдің соққылары кезінде қаза тапты. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz