Иран халқы қара жамылды
Тегеранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі басталды. Иранның бұрынғы Жоғарғы көсемінің рухына тағзым ету үшін ондаған мың адам жиналды.
Қаралы рәсімге тағы 100-ге жуық шетелдік делегацияның өкілі келеді деп жоспарланған. Ресми қоштасу рәсімі дүйсенбіге дейін жалғасады. Кейін Құм қаласы мен Иракта қаралы шеру өтеді. Ал марқұмды жерлеу рәсімі 9 шілдеде туған қаласы Мешхедте өтеді. Айта кетейік, аятолла Әли Хаменеимен ресми қоштасу араға 4 ай салған соң өткелі отыр. Ол 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің соққылары кезінде қаза тапты.