RU
Толық нұсқаға өту
фото: Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі

Өзбекстанда бесем дүниеге келді

07.07.2026, 16:16 39

6 шілдеде Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы № 2 перзентханада бесем дүниеге келді, деп хабарлайды «24KZ».

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кеше Әндіжан қаласындағы «Қайрағочтош» махалласының тұрғыны Наргиз Бекжонова перзентханаға жатқызылып, оған кесір тілігі жасалды.

Босану білікті акушер-гинеколог, неонатолог және реаниматологтардың бақылауымен сәтті өтті. Сәбилердің үшеуі - қыз, екеуі - ұл.

Кейін ана мен сәбилер Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталығының Әндіжан облыстық филиалына ауыстырылды.

Қазіргі уақытта сәбилер мен анасының денсаулығы жақсы. Олар білікті медицина қызметкерлерінің бақылауында, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz