Өзбекстанда бесем дүниеге келді
6 шілдеде Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы № 2 перзентханада бесем дүниеге келді, деп хабарлайды «24KZ».
Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кеше Әндіжан қаласындағы «Қайрағочтош» махалласының тұрғыны Наргиз Бекжонова перзентханаға жатқызылып, оған кесір тілігі жасалды.
Босану білікті акушер-гинеколог, неонатолог және реаниматологтардың бақылауымен сәтті өтті. Сәбилердің үшеуі - қыз, екеуі - ұл.
Кейін ана мен сәбилер Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталығының Әндіжан облыстық филиалына ауыстырылды.
Қазіргі уақытта сәбилер мен анасының денсаулығы жақсы. Олар білікті медицина қызметкерлерінің бақылауында, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз