Литвада ядролық қаруды өз аумағында орналастыруға рұқсат берілуі мүмкін.
Конституцияға түзету енгізу ұсынысын ел парламенті – Сейм қолдады. Бастаманы 141 депутаттың 89-ы жақтаған. Бұл туралы "Дойче Велле" басылымы хабарлады. Осының алдында бұл өзгерісті президент Гитанас Науседа да қуаттап, "Литва НАТО-ның ядролық тежеу жүйесіне қосылуға дайын" деп мәлімдеген. Заң жобасын түпкілікті қарастыру парламенттің күзгі сессиясында жоспарланған.
Тегтер #Литва #ядролық қару #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz