Литва ядролық қаруды өз жерінде орналастыруға рұқсат беруі мүмкін

Литвада ядролық қаруды өз аумағында орналастыруға рұқсат берілуі мүмкін.

Конституцияға түзету енгізу ұсынысын ел парламенті – Сейм қолдады. Бастаманы 141 депутаттың 89-ы жақтаған. Бұл туралы "Дойче Велле" басылымы хабарлады. Осының алдында бұл өзгерісті президент Гитанас Науседа да қуаттап, "Литва НАТО-ның ядролық тежеу жүйесіне қосылуға дайын" деп мәлімдеген. Заң жобасын түпкілікті қарастыру парламенттің күзгі сессиясында жоспарланған.