АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен атысты тоқтату режимін енді күшінде деп санамайтынын және Иран тарапымен келіссөздерді жалғастыруға ниетті емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Анкарадағы альянс саммиті алдында НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бірлескен мәлімдемесінде АҚШ президенті Иранмен атысты тоқтату келісімі енді өзі үшін күшін жойғанын айтты.
«Мен Иранмен бұдан былай істес болғым келмейді», - деді Трамп.
Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Трамп Иран басшылығын келіссөздер кезінде адал болмады деп айыптап, оларды қатаң сынға алды.
«Олар - өтірікшілер. Біз келісім жасаймыз. Бәрі келіседі. Ешқандай ядролық қару болмайды. Біз келісім жасаймыз. Кейін олар баспасөзге шығып, біз бұл туралы тіпті сөйлескен де жоқпыз дейді. Оларда бір шикілік бар», - деді ол.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #АҚШ #Трамп #Иран #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz