Иранмен келіссөз болмайды: Трамп кезекті мәлімдеме жасады

Фото: Mark Schiefelbein / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен атысты тоқтату режимін енді күшінде деп санамайтынын және Иран тарапымен келіссөздерді жалғастыруға ниетті емес екенін мәлімдеді,  деп хабарлайды «24KZ».

Анкарадағы альянс саммиті алдында НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бірлескен мәлімдемесінде АҚШ президенті Иранмен атысты тоқтату келісімі енді өзі үшін күшін жойғанын айтты.

«Мен Иранмен бұдан былай істес болғым келмейді», - деді Трамп.

Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Трамп Иран басшылығын келіссөздер кезінде адал болмады деп айыптап, оларды қатаң сынға алды.

«Олар - өтірікшілер. Біз келісім жасаймыз. Бәрі келіседі. Ешқандай ядролық қару болмайды. Біз келісім жасаймыз. Кейін олар баспасөзге шығып, біз бұл туралы тіпті сөйлескен де жоқпыз дейді. Оларда бір шикілік бар», - деді ол.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз