Канада аспанын орман өртінен қою түтін тұмшалады. Торонто қаласында ауа сапасы белгіленген нормадан бірнеше есе асып, қауіпті деңгейге жетті.
Қазір елде 835 орман өрті тіркеліп, оның 112-сін әлі ауыздықтай алмай отыр. Қызыл жалын 2 миллион гектарға жуық алқапты шарпыған. Көрші елден тараған түтін тіпті АҚШ-тың солтүстік штаттарына дейін жетті. Мичиган мен Миннесотада ауа сапасы нашарлаған. Билік тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес беріп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Канада #орман өртіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz