Канаданы қою түтін тұмшалады

Канада аспанын орман өртінен қою түтін тұмшалады. Торонто қаласында ауа сапасы белгіленген нормадан бірнеше есе асып, қауіпті деңгейге жетті.

Қазір елде 835 орман өрті тіркеліп, оның 112-сін әлі ауыздықтай алмай отыр. Қызыл жалын 2 миллион гектарға жуық алқапты шарпыған. Көрші елден тараған түтін тіпті АҚШ-тың солтүстік штаттарына дейін жетті. Мичиган мен Миннесотада  ауа сапасы нашарлаған. Билік тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес беріп жатыр.