Индонезияның бірқатар аймағында қуаңшылық салдарынан ауыз су тапшылығы күшейді. Танымал Бали аралындағы кей ауыл тұрғындары өзендердің құрғап қалуынан жер астынан шығатын бұлақ суын кезекпен алады.
Аймақта кейінгі жылдары жауын-шашын азайып, өзен көлдер тартылып қалған. Тұрғындар қуаңшылық жалғасса бұлақтар да құрғап қала ма деп алаңдайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Индонезия #қуаңшылықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz