Индонезияда қуаңшылықтан су тапшылығы күшейді
Индонезияның бірқатар аймағында қуаңшылық салдарынан ауыз су тапшылығы күшейді. Танымал Бали аралындағы кей ауыл тұрғындары өзендердің құрғап қалуынан жер астынан шығатын бұлақ суын кезекпен алады.
Аймақта кейінгі жылдары жауын-шашын азайып, өзен көлдер тартылып қалған. Тұрғындар қуаңшылық жалғасса бұлақтар да құрғап қала ма деп алаңдайды.