RU
Толық нұсқаға өту

Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы қысқарды

18.07.2026, 12:24 58

АҚШ пен Иранның текетіресінен кейін Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта қысқарды. Бір тәулік ішінде небәрі сегіз кеме ғана өтті. 

Оның 7-еуі Иран ұсынған бағытты пайдаланған. Теңіз деректерін жинақтайтын халықаралық Kpler фирмасының мәліметі бойынша, бұл кейінгі үш аптадағы ең төменгі көрсеткіш. Кеме қатынасының қайтадан азаюына танкерлерге жасалған шабуылдар мен АҚШ-тың әскери-теңіз тосқауылының қайта іске қосылғаны себеп. Халықаралық энергетика агенттігінің атқарушы директоры Фатих Бирол Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы тез арада қалпына келмесе, әлемді энергетикалық дағдарыс күтіп тұрғанын айтады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz