Ұлыбританияда Эбола вирусының Бундибугио атты жаңа штамына қарсы алғашқы екпе сынақтан өтіп жатыр.
"Би-Би-Си"-дің ((BBC)) хабарлауынша, алғашқы екпені алған ерікті Британия азаматы. Вакцинаны Оксфорд университетінің ғалымдары басқа серіктестермен бірігіп, ойлап тапқан. Оны жасау кезінде коронавирусқа қарсы жергілікті препараттың технологиясы пайдаланылды. Вакцинаны дайындауға 9 миллион доллар жұмсалды. Бірінші кезеңдегі сынаққа 18 бен 55 жас аралығындағы 50 адам қатысып жатыр. Мамандар екпенің қаншалықты қауіпсіз қорғай алатынын тексереді. Бұған дейін Бундибугйо-ға қарсы вакцина болмаған. Егер осы зерттеу сәтті өтсе, жаңа екпені Конго Демократиялық Республикасы мен Угандада сынақтан өткізу жалғасады.
Тегтер #Эбола #вакцина #штамм #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz