Алғашқы ерікті адам Эболаның жаңа штамына қарсы вакцина алды

Ұлыбританияда Эбола вирусының Бундибугио атты жаңа штамына қарсы алғашқы екпе сынақтан өтіп жатыр.

"Би-Би-Си"-дің ((BBC)) хабарлауынша, алғашқы екпені алған ерікті  Британия азаматы. Вакцинаны Оксфорд университетінің ғалымдары басқа серіктестермен бірігіп, ойлап тапқан. Оны жасау кезінде коронавирусқа қарсы жергілікті препараттың технологиясы пайдаланылды. Вакцинаны дайындауға 9 миллион доллар жұмсалды. Бірінші кезеңдегі сынаққа 18 бен 55 жас аралығындағы 50 адам қатысып жатыр. Мамандар екпенің қаншалықты қауіпсіз қорғай алатынын тексереді. Бұған дейін Бундибугйо-ға қарсы вакцина болмаған. Егер осы зерттеу сәтті өтсе, жаңа екпені Конго Демократиялық Республикасы мен Угандада сынақтан өткізу жалғасады.