Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында жарылыс болып, кемінде 14 адам қаза тапты. Құрбандардың қатарында бес полиция қызметкері бар. Тағы жиырмадан астам тұрғын жараланды. Ел президенті Асиф Әли Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф оқиғаны қатаң айыптап, лаңкестікпен күрес жалғасатынын мәлімдеді. Жарылысты "Техрике Талибан Пәкістан" ұйымы жасады деген күдік бар.
Тегтер #Пәкістан #жарылыс #қаза таптыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz