Пәкістанда жарылыстан 14 адам қаза тапты

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында жарылыс болып, кемінде 14 адам қаза тапты. Құрбандардың қатарында бес полиция қызметкері бар. Тағы жиырмадан астам тұрғын жараланды. Ел президенті Асиф Әли Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шариф оқиғаны қатаң айыптап, лаңкестікпен күрес жалғасатынын мәлімдеді. Жарылысты "Техрике Талибан Пәкістан" ұйымы жасады деген күдік бар.