Испанияның Сеута аралына теңіз арқылы заңсыз кірмек болып, ажал құшқандар саны 94 адамға жетті. Босқындардың дені суға кетіп, көз жұмған.
Испания Премьер-министрі Педро Санчес оқиғаны мемлекеттік шекараны заңсыз бұзу деп бағалап, көші-қонды ұйымдастырып отырған қылмыстық топтар бар екенін мәлімдеді. Кейінгі аптада Африканың солтүстік жағалауында орналасқан аймаққа 60 мыңнан астам мигрант кірген. Қазір келімсектерді Мороккоға қайтару жұмысы жүріп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Испания #мигранттар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz