Йемендегі хуситтер Қызыл теңіздегі Моха портын зымыранмен атқылады.
Шабуыл салдарынан 7 бейбіт тұрғын қаза тауып, 35 адам ауыр жараланған. Бұл айлақ Қызыл теңіз бен Аден шығанағын байланыстыратын Баб-эль-Мандеб бұғазына жақын орналасқан. Оны Йеменнің мемлекеттік қарулы күштері бақылайды.
Қорғаныс жүйесі 10-нан астам ұшқышсыз ұшу аппараты мен баллистикалық зымыранды атып түсірген. Хуситтер бұл соққыларды өздері ұйымдастырғанын мәлімдеді. Қарулы топ Моха ауданындағы Сауд Арабиясына тиесілі әскери базалар мен қару-жарақ қоймасын жою мақсатында шабуыл жасаған.
Тегтер #Йемен #хуситтер #зымыран #қарулы қақтығыс #Сауд АрабиясыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz