Хуситтер Қызыл теңіздегі портқа шабуыл жасады

Йемендегі хуситтер Қызыл теңіздегі Моха портын зымыранмен атқылады.

Шабуыл салдарынан 7 бейбіт тұрғын қаза тауып, 35 адам ауыр жараланған. Бұл айлақ Қызыл теңіз бен Аден шығанағын байланыстыратын Баб-эль-Мандеб бұғазына жақын орналасқан. Оны Йеменнің мемлекеттік қарулы күштері бақылайды.

Қорғаныс жүйесі 10-нан астам ұшқышсыз ұшу аппараты мен баллистикалық зымыранды атып түсірген. Хуситтер бұл соққыларды өздері ұйымдастырғанын мәлімдеді. Қарулы топ Моха ауданындағы Сауд Арабиясына тиесілі әскери базалар мен қару-жарақ қоймасын жою мақсатында шабуыл жасаған.