RU
Толық нұсқаға өту

Нигерияда 25 адамды пышақтап кетті

19.08.2026, 14:34 31

Нигерияда қарулы адамдар бір ауылға шабуыл жасап, 25 адамды өлтіріп кетті. Марқұмдардың дені – әйелдер мен балалар.

Оқиға Плато штатында болды. Қолдарына мачете, яғни ұзын әрі өткір пышақ ұстаған белгісіз адамдар тұрғындарға шабуылдаған. Ел билігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аймаққа қосымша күш жіберді. Айта кетейік, Плато – Нигерияның орталығындағы қауіпті, тұрақсыз аймақтардың бірі. Кейінгі уақытта елді-мекендерге басып кіретін қаскөйлер мен адам ұрлығы жиілеген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz