Нигерияда 25 адамды пышақтап кетті
Нигерияда қарулы адамдар бір ауылға шабуыл жасап, 25 адамды өлтіріп кетті. Марқұмдардың дені – әйелдер мен балалар.
Оқиға Плато штатында болды. Қолдарына мачете, яғни ұзын әрі өткір пышақ ұстаған белгісіз адамдар тұрғындарға шабуылдаған. Ел билігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аймаққа қосымша күш жіберді. Айта кетейік, Плато – Нигерияның орталығындағы қауіпті, тұрақсыз аймақтардың бірі. Кейінгі уақытта елді-мекендерге басып кіретін қаскөйлер мен адам ұрлығы жиілеген.