Үндістан 10 жылда алғаш рет қант импортына рұқсат берді. Мемлекет шет елдерден 1 млн. тоннаға дейін шикі қантты баж салығынсыз сатып алады.
Бұл туралы Times of India басылымы мәлімдеді. Мұндай шешім ішкі нарықтағы қор жыл аяғына дейін 20%-ға азаюы мүмкін деген болжамнан кейін қабылданып отыр. Кейінгі екі айда елде қанттың бағасы шамамен 40%-ға өсті. Қант өндірісі күрт қысқарды. Айта кету керек, Үндістан әлем бойынша Бразилиядан кейін қант өндіруден екінші орында тұр.
Тегтер #Үндістан #қант #импорт #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz