Үндістан қант импортына рұқсат берді

Үндістан 10 жылда алғаш рет қант импортына рұқсат берді. Мемлекет шет елдерден 1 млн. тоннаға дейін шикі қантты баж салығынсыз сатып алады. 

Бұл туралы Times of India басылымы мәлімдеді. Мұндай шешім ішкі нарықтағы қор жыл аяғына дейін 20%-ға азаюы мүмкін деген болжамнан кейін қабылданып отыр. Кейінгі екі айда елде қанттың бағасы шамамен 40%-ға өсті. Қант өндірісі күрт қысқарды. Айта кету керек, Үндістан әлем бойынша Бразилиядан кейін қант өндіруден екінші орында тұр.