АҚШ-тың Невада штатында орман өрті ырыққа көнбей барады.
От 50 шаршы шақырым аумақты күлге айналдырып үлгірді. Енді үйлерге қауіп төніп тұр. Кейінгі дерек бойынша 6 адам жараланған. Олардың үшеуі құтқарушы. Тілсіз жаумен күреске 800 өрт сөндіруші, сондай-ақ Ұлттық гвардия сарбаздары жұмылған. Невада губернаторы Уошо округінде төтенше жағдай жариялады. Жолдың жартысы жабық. 90 мыңға жуық тұрғын көшірілді. Өртке адами фактор себеп болған деген болжам бар.
Тегтер #АҚШ #невада #төтенше жағдай #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz