Невада штатында ТЖ жарияланды
АҚШ-тың Невада штатында орман өрті ырыққа көнбей барады.
От 50 шаршы шақырым аумақты күлге айналдырып үлгірді. Енді үйлерге қауіп төніп тұр. Кейінгі дерек бойынша 6 адам жараланған. Олардың үшеуі құтқарушы. Тілсіз жаумен күреске 800 өрт сөндіруші, сондай-ақ Ұлттық гвардия сарбаздары жұмылған. Невада губернаторы Уошо округінде төтенше жағдай жариялады. Жолдың жартысы жабық. 90 мыңға жуық тұрғын көшірілді. Өртке адами фактор себеп болған деген болжам бар.