RU
Толық нұсқаға өту

Иран қару-жарақ өндірісін арттырды

24.08.2026, 14:00 36

Иран бір жылда қару-жарақ өндірісін

2 есе арттырды.

Енді бұл көрсеткішті 3 есе ұлғайтуға ниетті. Мұны Иран Республикасы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Тегеран билігі АҚШ пен Израильдің  биылғы шабуылына дайындықты былтырғы 12 күндік соғыстан кейін бастап кеткенін жеткізді. Қазір Иранда 9 мыңнан аса әскери компания жұмыс істейді. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайыз көп. Сондай-ақ қару-жарақтың 1 мыңнан аса түрін шығарамыз деп отыр. АҚШ-тың Иранмен арадағы келіссөзі тығырыққа тірелді. Екі жақ 60 күндік оқ атпау режимін одан әрі ұзартуға келісе алмады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz