Иран қару-жарақ өндірісін арттырды
Иран бір жылда қару-жарақ өндірісін
2 есе арттырды.
Енді бұл көрсеткішті 3 есе ұлғайтуға ниетті. Мұны Иран Республикасы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Тегеран билігі АҚШ пен Израильдің биылғы шабуылына дайындықты былтырғы 12 күндік соғыстан кейін бастап кеткенін жеткізді. Қазір Иранда 9 мыңнан аса әскери компания жұмыс істейді. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайыз көп. Сондай-ақ қару-жарақтың 1 мыңнан аса түрін шығарамыз деп отыр. АҚШ-тың Иранмен арадағы келіссөзі тығырыққа тірелді. Екі жақ 60 күндік оқ атпау режимін одан әрі ұзартуға келісе алмады.