Әлем елдері жасанды интеллект негізіндегі автономды қару-жарақтан бас тартуы тиіс. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осылай деп мәлімдеді.
«Адамның басқаруынсыз, нысана-ны өзі көздеп, өзі жоятын жүйелер қауіпті», - дейді Антонио Гуттериш. Ол технологиялар адам өміріне қауіп төндірмеуі тиіс екенін алға тартты. Жасанды интеллект әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарды ажырата алмайтынына назар аударды. Біріккен Ұлттар Ұйымы мұндай қару-жарақ саяси тұрғыдан қолайсыз, әрі оған халықаралық құқық деңгейінде тыйым салынуы тиіс деген қорытынды жасады.
Тегтер #БҰҰ #қару жарақ #ЖИ #әлем елдеріPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz