БҰҰ: автономды қару-жарақтан бас тарту керек
Әлем елдері жасанды интеллект негізіндегі автономды қару-жарақтан бас тартуы тиіс. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осылай деп мәлімдеді.
«Адамның басқаруынсыз, нысана-ны өзі көздеп, өзі жоятын жүйелер қауіпті», - дейді Антонио Гуттериш. Ол технологиялар адам өміріне қауіп төндірмеуі тиіс екенін алға тартты. Жасанды интеллект әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарды ажырата алмайтынына назар аударды. Біріккен Ұлттар Ұйымы мұндай қару-жарақ саяси тұрғыдан қолайсыз, әрі оған халықаралық құқық деңгейінде тыйым салынуы тиіс деген қорытынды жасады.