Жерорта теңізінің Кипр жағалауында паром аударылды. Бортта 270 адам болған.
Дерекке қарағанда, сегіз адам опат болған. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Оқиға жағалаудан шамамен 5 шақырым жерде болған. Куәгерлердің айтуынша, кемеге аяқастынан су кіріп, тез тола бастаған. Қазір апат орнында ауқымды іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Тікұшақтар мен құтқару қайықтары жұмылдырылған.
Тегтер #Кипр #Таңдаулы #жолаушылар кемесіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz