Кипр жағалауында жолаушылар кемесі аударылды

Жерорта теңізінің Кипр жағалауында паром аударылды. Бортта 270 адам болған. 

Дерекке қарағанда, сегіз адам опат болған. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Оқиға жағалаудан шамамен 5 шақырым жерде болған. Куәгерлердің айтуынша, кемеге аяқастынан су кіріп, тез тола бастаған. Қазір апат орнында ауқымды іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Тікұшақтар мен құтқару қайықтары жұмылдырылған. 

Сондай-ақ оқыңыз: