RU
Толық нұсқаға өту
@news24kg

Қырғызстан мен Қытай мәңгілік достық пен тату көршілік туралы шартқа қол қойды

31.08.2026, 13:06 19

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин екі ел арасындағы мәңгілік тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды, деп хабарлайды«24KZ».

Маңызды құжатқа Бішкекте өткен екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша қол қойылды. Садыр Жапаров бұған дейін аталған шарт Қырғызстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға берік негіз болатынын атап өткен.

Си Цзиньпин Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барды. Сапар аясында ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына және «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz