Қырғызстан мен Қытай мәңгілік достық пен тату көршілік туралы шартқа қол қойды
Қырғызстан мен Қытай президенттері екі ел арасындағы мәңгілік тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды, деп хабарлайды«24KZ».
Бұл маңызды рәсім Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Бішкекте өткен келіссөздерінің қорытындысы бойынша өтті. Бұған дейін Садыр Жапаров бұл құжат екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің одан әрі сапалы дамуына берік негіз болатынын атап өткен еді.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келді. Ол сапар аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына және «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысады.