Америкалық Amazon компаниясына тиесілі жүк тасушы ұшақ апатқа ұшырады. 5 адам көз жұмды. Тағы 5-еуі ауыр жараланған.
Ұшақ Майами халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, маңайдағы қоймалар мен қосалқы жолды кесіп өткен. Жеңіл көліктерге соғып, кейін өртенген. Қазір апатқа байланысты бірқатар рейс тоқтатылды. Оқиға орнында 200-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр.
Майами билігінің мәліметі бойынша, апаттың нақты неден болғаны әзірге білгісіз. «Дегенмен күн райы әсер етуі ықтимал», - дейді метеорологтар. Өйткені сол мезгілде найзағай ойнап, дауыл тұрып, желдің екпіні сағатына 48 шақырымға дейін жеткен.
Тегтер #Amazon #жүк тасушы ұшақ #апат #Майами #көлік #рейс #күн райыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz