Кабардин-Балқар тауларында бір күнде 11 альпинист опат болды. Тағы алтауы ізім-қайым жоқ. Өңірлік Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 33 альпинист шыңға шықпақ болған.
Кейін күн райы күрт бұзылып, қар көшкіні жүрген. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған төтенше жағдайлар қызметінің 56 маманы тартылған. Жауаптылар өңменнен өтер ызғырық жел мен көшкін қаупі шың басындағы құтқару жұмыстарын қиындатып отыр дейді.
Тегтер #24KZ #КабардинБалқар #тау #Ресей #альпинист #қар көшкініPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz