Куба АҚШ-тың экономикалық шектеулерінен бір жылда 9 миллиард долларға жуық шығынға ұшырады. Елдің Сыртқы істер министрі Бруно Родригестің айтуынша, былтырғы шығын 8 миллиард 100 миллион доллар болған.
Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7 пайызға көп. Қазір елде отын тапшылығы қатты сезіледі. Электр жарығы жиі өшеді. Ал Куба мен АҚШ арасында келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Дегенмен екі ел болашақта байланыс орнатуы әбден мүмкін.
Тегтер #Куба #АҚШ #доллар #КеліссөзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz