Куба АҚШ шектеулерінен $9 млрд жоғалтты

Куба АҚШ-тың экономикалық шектеулерінен бір жылда  9 миллиард долларға жуық шығынға ұшырады. Елдің Сыртқы істер министрі Бруно Родригестің айтуынша, былтырғы шығын 8 миллиард 100 миллион доллар болған.

Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7 пайызға көп. Қазір елде отын тапшылығы қатты сезіледі. Электр жарығы жиі өшеді. Ал Куба мен АҚШ арасында келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Дегенмен екі ел болашақта байланыс орнатуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: