RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде мыс қымбаттады

09.09.2026, 08:00 37

Нарықта мыс қымбаттады. Бағаның бұл жолғы шарықтауы бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Металдың бір тоннасы Лондон биржасында 14 мың 617 долларға дейін көтерілген.

Bloomberg мәліметі бойынша, жыл басынан бергі жалпы өсім 17 пайыз. Сарапшылар: «Бұған АҚШ тазартылған мыс импортына жаңа Баж салығын енгізуі мүмкін деген ақпарат себеп», - дейді. Трейдерлер АҚШ-қа өнім жеткізу ісін жеделдетіп, соның салдарынан басқа нарықтардағы мыстың қоры азая түскен.

Айта кетейік, бұл метал энергетика саласында, электр желілері, мәліметтерді өңдеу орталықтары мен Жасанды интеллект жобаларында кеңінен пайдаланылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz